"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ОРДАБАСЫ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІКТЕН АЛДА

Бейсенбі, 03 Қараша 2016 17:24

 

 

Ордабасы ауданы экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 % құрайды. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады. Осылайша облыс көлемінде аудан, қала арасында Ордабасы ауданы көш бастап тұр. Бұл туралы аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков кәсіпкерлермен кездесуде айтты. Осы саладағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында өткен жиында кәсіпкерлікте кездесетін түйткілді мәселелер жайы қаралды.

Өнеркәсіп саласында жүйе құраушы локомативті жобалар олар «Ордабасы-нан» ЖШС, «Ордабасы құс», «Инфрастрой ЛТД», «Батсу водоканал», «Агро-V», «Сейтбек әулеті», «Шұбар асыл тұқым кешені», «Оңтүстік қыш» және «Строй-юг групп» ЖШС-рі болып келеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың 9 айында жалпы құны 7 млрд. 562 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Оның ішінде субсидиялау желісі бойынша жалпы құны 879 млн. теңгеге 3 жоба («Батсу Водоканал» ЖШС, ЖК «Жәнібек Сембек», ЖК «Сейтхан Серікқожа»), инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша жалпы құны 6 680 млн. теңгеге 4 жоба («Аква Терм» ЖШС, «MEB Co» ЖШС,«KAZMERBLOCK» «Мерблок» ЖШС, «ФебСтрой» ЖШС), гранттық қаржыландыру бойынша 3 млн.теңге болатын 1 жоба  мақұлданған.

Жиын барысында атқарылған жұмыстармен қатар, кәсіпкерлікті оңтайландыру бойынша жоспарлар мен ұсыныс-тілектер айтылды.

356 рет қаралды

Пікір жазу