11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: ОҚО КӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК ОТАНЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

Бейсенбі, 03 Қараша 2016 18:10

 

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Қазығұрт ауданында болып, бірқатар кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмысымен танысты.

Ең алдымен, олар ауданның Шарапхана ауылдық округіндегі Индустриалды аймақта орналасқан «Lotus Food Company LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісімен және ауыл шаруашылығы саласына арналған биоорганикалық тыңайтқыштар шығаратын фабрика жұмысымен танысты. Жобалық құны 472 млн. теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 620 мыңнан аса қаптама әзірлеуге қауқарлы. Өнімді Республика аумағының барлық қалаларына өткізу жоспарда бар. Күнделікті тұрмыста жоғары сұранысқа ие, тез дайындалатын өнімдер шығаратын кәсіпорын 48 адамды жұмыспен қамтуда.

Қазіргі таңда аудандағы индустриалдық аймақта 5,8 млрд. теңгелік 7 жоба мақұлданып, осы жылы жалпы сомасы 722,7 млн.теңгелік 2 жоба Индустрияландыру картасына енгізіліді. Олар «Отырабат Құрылысы» ЖШС-ның құны 120 млн. теңгелік газоблок өндірісі мен «Асыл Бастау КZ» ЖШС-нің құны 602,7 млн. теңге болатын майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру жобалары.

Мұнан соң, облыс әкімі бастаған делегаттар Қызылқия ауыл округіндегі 500 гектардан астам жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Аманкелді» ЖШС-нің жұмысын аралап көрді. Алма, алхоры, шабдалы, шие, жүзім жеміс-жидектерін өсіретін серіктестік өнімдерін Қазақстан аумағынан бөлек, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына шығаруда. Сондай-ақ, олар мұндағы жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын сыйымдылығы 2 мың тонналық қойманы және тұқым бағында өндірілетін алма мен жүзім көшеттерін көрді.

Сапар барысында шаруалардың жұмысымен танысқан өңір басшысы тұқымбақтағы өндірілетін көшеттерді кеңінен насихаттап, өзге де аудандарға ұсынуды тапсырды. «Елбасы Оңтүстікке жасаған бір жұмыс сапарында облыстың көкөніс пен жеміс-жидек өндіретін нағыз «фабрикаға» айналуға барлық мүмкіндігі бар деген болатын. Осы мүмкіндікті барынша қолдану үшін барлық аудан, қалалап аталған серіктестіктен тәжірибе алып, бау-бақша шаруашылығын дамытуымыз керек»,-деді әкім.

Өз кезегінде Ерболат Досаев шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қашанда қолдау көрсетілетінін айтып, облыстағы өндірілетін өнімдерді өзге де өңірлерге кеңінен таныстыру қажеттігіне тоқталды. Осы күні делегаттар 326 оқушы білім алатын Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл оқу орнында білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектептің жанында 300 орындық жатақхана да бар.

Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев бастаған «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның  басқарма төрағасының орынбасары А.Құртаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма төрағасы Қ.Тілеушин, «БРК-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Байбазаров, «Тұрғын үй құрылысының кепілдендіру қоры» Басқарма Төрағасы Д.Онаев, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-нің  Басқарма Төрағасы Ә.Өтембаев,  «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның  басқарма төрағасының орынбасары А.Сарқұлов, «НҰХ «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы хатшылығының жетекшісі А.Шамшиндер сынды бірқатар холдингтің еншілес компания басшылары келген болатын. Сапары барысында олар өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша жиын өткізіп, қаладағы салынып жатқан тұрын үй құрылысымен және Шымкенттегі бірқатар кәсіпорындар жұмысымен танысты.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

430 рет қаралды

Пікір жазу