13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-НЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ ӨҢІРДЕ ӨНДІРІЛЕТІН ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Бейсенбі, 03 Қараша 2016 18:19

 

Таяуда "Болашағы жарқын - Оңтүстік жастары" форумына қатысушы 150-ден астам жас Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, ондағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Белсенді жастар егемендік алған жылдардан бері шығарылып жатқан отандық өнімдерді көріп, сапасын байқады.

Ең алдымен, олар аймақтағы «Бал Текстиль» кілем фабрикасында болды. Әзірге, Қазақстанда теңдесі жоқ серіктестік өз жұмысын 2013 жылы «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы аясында бастаған. Бұл өндіріс орны тек кілем тоқумен ғана емес, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптерін иірумен де айналысуда. «Бал Текстильдің» кілем және кілем өнімдерін шығару қуаттылығы – жылына 5 млн. шаршы метрден астам. Ал полипропилен жібін иіру қуаттылығы – жылына 4000 тоннаны құрайды. Бүгінде мұнда 245 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақта 10 жоба жұмыс істеп тұрса, өндіріс орындарымен танысқан жастарға бұл өнеркәсіп орындары да кеңінен таныстырылды. Яғни, «Оңтүстікте» кілемдермен бірге, шұлық тоқылып, мақтадан иірілген жіптер дайындалатыны, қағаз шығарылып, қораптар әзірленетіні айтылды.

Өзімізде өндірілетін өнімдерге куә болған белсенділер өңірдегі осындай кәсіпорындарда жұмыс істеп, аймақтағы барлық саланың дамуына атсалысқысы келетіндерін жеткізді. Бұл ретте, ұйымдастырушылар тарапынан алдағы уақытта облыстағы өзге де өнеркәсіп орындарына, оның ішінде, аудан, қалалардағы индустриалды аймақтарға осындай іссапар ұйымдастырылатыны белгілі болды.

Еске салайық, сейсенбі күні облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен "Болашағы жарқын - Оңтүстік жастары" облыстық форумы өткен болатын. Онда аймақ басшысы еліміздің ертеңі – жастарымызға өңірімізде өндірілетін отандық тауарларды көріп, таныстыру туралы тапсырма берген болатын.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

732 рет қаралды

Пікір жазу