"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КӨЛКЕНТКЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР ЖЕТПЕК

Жұма, 04 Қараша 2016 12:18

 

Сайрам ауданына қарасты елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Мәселен, ондағы Көлкент ауылының 6 көшесі коммуналдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, оның ішінде, ауыз су құбырлары жүргізілсе, жол бетіне асфальт төселіп, аяқ жолдар салынуда.

Ұзындығы 7 шақырым болатын жолдарды жарықтандыру жайы да жоспарда бар. Бүгінде онда электр бағаналарын орнату үшін қуаты күшті трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Осы жылдың қазан айында басталған жұмыстар 2017 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

21 мыңнан астам халқы бар Көлкент елді мекені Сайрам ауданындағы ірі ауылдардың бірі. Мұнда жалпы саны 90-нан астам ұзынды-қысқалы көшелер бар. Ал ондағы коммуналдық қажеттіліктердің шешімі табылған.

Бұған дейін Сайрам ауданы,  Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад және Көлкент елді мекендерінде  ескірген электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілген болатын.  Атап айтқанда, Ақсуабад елді мекенінде 101 бағана ауыстырылса, Көлкент елді мекенінде 135 электр бағаналарды ауыстыру үшін қажетті жұмыстар  атқарылғаны есімізде.

 

Мәлімет:
Ауданның жалпы көлемі: 1,7 мың шаршы км. Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 30км. Аудан орталығы: Ақсукент қаласы.  Ауыл округтерінің саны: 11 Елді-мекендерінің саны: 42. Халқының саны: 195,5 мың адам Ұлттық құрамы: қазақтар-24,9% өзбектер-66,9%, орыстар-2,9%, басқа ұлттар- 5,3%

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

286 рет қаралды

Пікір жазу