29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Жұма, 04 Қараша 2016 12:54

 

Шығыс Қазақстанда Үкіметтік емес ұйымдардың форумы басталды. Аймақ белсенділері жиналған аталмыш форум барысында азаматтық кеңес тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған жұмысты талқылап, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

Республикалық азаматтық кеңес форумының қарсаңында өткізіліп отырған шараға аймақтағы үкіметтік емес ұйым басшылары, қоғамдық және мемлекеттік ұйым өкілдері қатысуда.

– Форум барысында біз тәуелсіздік жылдарында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстарын талдай отырып, жаңа бағыттарды айқындаймыз. Себебі өсіп-өркендеп келе жатқан елдің осы бағытта да атқарылған жұмысын қадағалаушы ұйымы болуы қажет, – деді облыстық мәслихат депутаты, ШҚО Азаматтық Альянс төрағасы Олег Чернышов.

Форумның бірінші бөлімінде қатысушылар семинар барысында Қоғамдық кеңестің жұмысын талқылай отырып, мемлекеттік мекемелер және БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс атқару бойынша пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты. 

Ал форумның келесі бөлімінде ҮЕҰ басшылары қатысуымен пленарлы отырыс өтіп, 25жылда ҮЕҰ жеткен жетістіктері мен атқарған істері айтылмақ. Аталған кеңесте айтылған ұсыныстар мен жаңа идеялар республикалық азаматтық кеңес форумында ұсынылмақ.

Сондай-ақ, белсенділік танытып, жұмыс көрсеткішімен жоғары жетістікке жеткен ҮЕҰ басшылары марапатталып, республикалық форумда ШҚО атынан қатысатын делегаттар сайланбақ.

181 рет қаралды

Пікір жазу