13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КАРАТЭ-ДОДАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Сенбі, 05 Қараша 2016 14:06

 

Бүгін Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешенінде каратэ-додан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы  чемпионатының ашылу салтанаты өтті. 

 

 

Спорттық шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР каратэ-до федерациясының Президенті, Бас прокурордың орынбасары М.Ахметжанов, ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ басқарма төрағасы А.Жұмағалиев, ҚР каратэ-до федерациясының  вице-Президенті Ж.Санауов пен каратэ-додан Қазақстан Республикасының бас бапкері П.Мансуров сынды бірқатар еліміздің спорт жанашырлары қатысты. 

 

 

Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің ең басты оқиғасы болып табылатын егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында бастау алған ел біріншілігі республикамыздың басқа аймақтарынан келген 350-ден аса спортшының басын қосып отырғанын атап өтті.

 

 

«Облыс тұрғындары атынан барша қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, қасиетті Оңтүстік Қазақстан облысына келгендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Осы сәтті пайдалана отырып, бүгінгі ел чемпионатының ашылуына арнайы келіп, қатысып отырған Қазақстан Республикасы каратэ-до федерациясының Құрметті Президенті Марат Ахметжановқа 2020 жылы Жапония елінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына каратэ-до спортының енуімен шын жүректен құттықтаймын» -деді әкім.Үш күнге жалғасатын жарысқа Астана, Алматы қалалары мен  еліміздің әр өңірінен келген 24 салмақтағы 300-ден астам  спортшы қатысып, дүбірлі додада 10-13 жас аралығындағы ұл мен қыз бақ сынайды.

Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында 3 облыстық, 8 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Онда 35 жаттықтырушы  832 балаға каратэ-додан оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, облыста каратэ-до спортынан ересектер, жастар, жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы ашық республикалық турнир жыл сайын Шымкент қаласында өткізіліп келеді.

Осы спорт түрі бойынша қасиетті жерімізден бірнеше спорт тарландары оның ішінде, Азия ойындарының жеңімпазы Дархан Асадилов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында Азия чемпионы Мадина Өтелбаева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайсар Алпысбай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алдияр Мелдеханов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының қола және күміс жүлдегері, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының осы спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақ даласының батыры, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың немересі Шаттық Қажымұқан шығып отыр.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

322 рет қаралды

Пікір жазу