15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО МЕН TIKA АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

Сейсенбі, 08 Қараша 2016 16:49

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (одан әрі - TIKA) Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглармен кездесті.

Басқосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, ынтымақтастық меморандумын түзу жайын әңгімеледі.

Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, туризм сынды түрлі салалар бойынша бірлескен жобалар жасауға уағдаласты.

Өз кезегінде, аймақ басшысы өңірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Агенттік өкілі Әли Ихсан Чаглар өзі қызмет ететін TIKA ұйымы арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарын дүниежүзіне танытып, еліміздің атын шығаруға әрекет ететінін жеткізді.

Айта кету керек, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанның 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соңғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердің арқасында әлемде бірінші орынға шыққан. Ендеше еліміздің оңтүстік аймағымен жасалып отырған осы ынтымақтастық шарасы да өңір экономикасына тың серпін беріп, жаңа байланыстардың дамуына жол ашары сөзсіз. Себебі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастармен қатар экономикалық, мәдени байланыстар жан-жақты оң нәтижелер көрсетіп келеді.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

282 рет қаралды

Пікір жазу