"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТА ҚҰНЫ 3,7 МЛРД. ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 6 ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Сейсенбі, 08 Қараша 2016 16:59

 

Түлкібас ауданындағы  индустриалды аймақта жалпы құны  3 млрд. 709 млн. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылады. Құрылысы осы айда басталатын зауыттар іске қосылған кезде жаңадан 284 жұмыс орындары  ашылатын болады.

Жобалардың негізгі бағыты ауданның табиғи ерекшелігін ескере отырып, тамақ өнімдерін өндіру. Яғни,  жеміс-жидек көкөністерді өңдеп, табиғи шырын шығару және ет өнімдерінен шұжық тағы басқа өнімдер шығарылатын болады.   

Аудан басшысы Ә.Тұрғымбеков аталған жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлермен кездесіп, келісім шартқа қол қойды.

Кездесуде кәсіпорындарға қажетті  шикізатпен қамтамасыз ету үшін ауданда  бау бақшалар, мал шаруашылығы саласында  кооперативтер құрылатыны айтылды. Сонымен қатар, аудан әкімі алдағы уақытта индустриалды аймақта тағы да 9 жоба іске асатынын мәлімдеді.  
Жалпы жер көлемі 50 гектарды құрайтын индустриалды аймақтың инфрақұрылым жұмыстары өткен жылы толық аяқталған.

Жалпы, Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оӊ шешімін тауып, ауданда кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға өркендеп келеді. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2961 бірлікті құраған.

Мұнан бөлек, ауданныӊ жалпы өӊірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теӊге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мыӊ. теӊгеге жеткен. Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында барлығы 1619,5 га жерге алма мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған, 4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген.

268 рет қаралды

Пікір жазу