"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШТАҒЫ ЕСКІ ҚОРҒАН ЕЛДІМЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ

Сәрсенбі, 09 Қараша 2016 17:30

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округіндегі Ескі қорған елді мекеніне табиғи газ келді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.  Елді мекен тұрғындары көгілдір отынды күткелі көп болған, енді ауыл тұрғындары ұзақ жылдық бейнеттен құтылды. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның кемшіліктерінен Ескіқорған ауылына газ берілмей келген болатын. Тəуелсіздік күні мерекесінің 25 жылдығы қарсаңында ауыл тұрғындары табиғи газдың жеткеніне қатты қуанып отыр. Аудан әкімі Қайрат Әбдуалиев халықты осынау ерекше күнмен құттықтап,  бұл - тәуелсіздіктің тұғырлы жемісі екенін, қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген соңғы 25 жылда халықтың әл-ауқаты жақсарғанын атап өтті. Еліміздің ең шалғай ауылдарына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау - Елбасымыздың бастамасы екенін нақтылап айтты. 2013 жылы жүргізілген газ құбырына үш жылдан бері газдың тарту қысымы жетпей қалған болатын. Бұл шаруа қайта қолға алынып, тиісті мекемелерге айыппұлдар салынған еді. Осының нәтижесінде 220 үйге көгілдір отын жеткізілді. Аудан басшысы Ақтөбе ауылдық округін аралау барысында шекара бойындағы елді мекендерге де ат басын бұрып, тыныс-тіршіліктерімен танысты. Табиғи газ пайдасын көретін қарапайым ауыл халқы енді от жағып, күл шығару сияқты бейнеттен біржола құтылатын болады.

227 рет қаралды

Пікір жазу