"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР ВЭБ-ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бейсенбі, 10 Қараша 2016 10:11

 

Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK»  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бас директоры Олжас Тоғаев  тауар өндірушілер вэб-порталының  іске қосылғанын мәлімдеді.               

Оның айтуынша, отандық тауар өндіруші кәсіпорындардың өнімдерінің өтімділігін жоғарылату, қолжетімділігі мен сұранысты арттыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бірегей жоба www.ondiris.kz тауар өндірушілер вэб-порталын іске қосты.

ONDIRIS.KZ – бұл меншік нысаны мен түрлі салалар бойынша тауар өндірушілер және кәсіпорындардың базасын біріктіреді. Мұнда әрбір қалаған кәсіпкер аймақтарды жіктеу фильтрі арқылы, өзіне қажетінше контрагент таба алады: өнім беруші, сатып алушы, тұтынушылар, компаниялар мен түрлі саладағы фирмалар.

Веб порталға өзі туралы мәліметтерді орналастыру кәсіпкерлер үшін тегін. Қазіргі таңда порталда ОҚО бойынша негізгі 14 салалық бағытта 1000-нан аса отандық тауар өндірушілердің профильдері, 2 мыңнан астам тауарлар орналастырылған. Сондай-ақ, негізгі порталмен қатар, жуық арада ONDIRIS.KZ мобильдік қосымшасы іске қосылып, жылына екі рет арнайы ONDIRIS.KZ журналы басылып таратылатын болады. Жуық арада аталмыш қосымшаны смартфонға Android және iOS платформаларынан жүктеп алуға мүмкіндік туады. Мобильдік қосымша өз кезегінде әрбір қолданушыға кез-келген уақытта жеке профильде ыңғайлы жұмыс істеуге септігін тигізбек.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

267 рет қаралды

Пікір жазу