"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«МЕНІҢ ЕЛІМ– МӘҢГІЛІК ЕЛ». АУҚЫМДЫ АКЦИЯ БІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

Сейсенбі, 15 Қараша 2016 15:18

 

«Менің елім - мәңгілік ел». Республика аумағында өтіп жатқан ауқымды акция Шымкентте жалғасын тапты. Жетісу жұрты атойлап бастаған шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Алқалы жиында Отанын әлемге танытып жүрген жастар ісі үлгі етілуде. Ұлтаралық қарым-қатынас пен ынтымақ, береке насихатталуда.

Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері тату тәтті өмір сүріп келеді. 20 этномәдени орталық жұмыс істейді. Ел бірлігі - дамудың басты кепілі. Бүгінгі патриоттық акцияға өңіріміздің 3 мыңнан астам жасы қатысты. Мерекелік шараға ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы келді.

Николай Путилиннің жасы 21-де. Ұлты орыс болғанымен, қазақ тілін жетік біледі. Бүгінге дейін 5 рет жұмыс орнын ауыстырған. Себебі, екі тілді еркін меңгерген жастың еңбегін бағалап, өз қатарынан көргісі келетіндерден сұраныс жоғары.  Жергілікті бірнеше арнада жұмыс істеді. Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде еңбек етеді.

Акция барысында «Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына – «Достижения молодежи  - мәңгілік ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан»  кітабы облыс жастарына тапсырылды. Ол кітапта Мәңгілік ел идеясының біріктіруші ролі мен өңірдегі жастардың Ұлт көшбасшысына қолдауын көрсететін үндеу жазылған. Бүгін эстафета Тараз қаласына тапсырылды. Осылайша акция Республикамыздың барлық өңірлерінде жалғасып, қорытындысы 28 қарашада Астанада жасалатын болады.

168 рет қаралды

Пікір жазу