24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АЛТЫН АЙМАҚ –ОҢТҮСТІК» ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Сейсенбі, 15 Қараша 2016 15:23

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасы бірлесе ұйымдастырған жоба – «Алтын аймақ-оңтүстік» өз мәресіне жетті. Түстіктің түрленгенін, түлегенін, ұлттық өнерді өрістетіп, болар баланың бетін қақпай, белін буып отырғанын айғақтайтын жобаның кеше гала-концерті болып өтті.

«Алтын аймақ-оңтүстік»  жобасы - тәуелсіздік жылдарында облысымыздың өнер биігінде жеткен жетістіктерін саралап, ендігі алар асуы мен бағындырар белесін бағамдаған байқау. Мұнда әр аудан өз өресін, өз өнерін паш етті.

Аталған жобаға облысымыздағы 14 ауданынан өнерпаздар қатысты. Әуезді әндермен, мың бұралған билер, түрлі сахналық қойылымдар көзі қарақты көрермен көңілінен шықты. Концерт барысында осы жобада өнер көрсеткен барлық қатысушы марапатталды.

Оңтүстік- қай жағынан алып қарасаңыз да - алтын аймақ. Қазақы қалпын, бабалар салтын сақтап, өнер жолындағы өрелі ұл-қыздарын мейлінше жақтап келеді. Ел ішіндегі алтын қазына -  ән-жыр мен  танылмай жүрген таланттарды қос ұжым осы жоба арқасында танытты. Қатысушылардың бұған алғысы шексіз.

Мәдениеттің мәйегін, төл тарихымыздың дерек-дәйегін жеткізген, дарынды дарабоздардың өнерін насихаттаған «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының бірлескен жобасы - «Алтын Аймақ–оңтүстіктің» телевизиялық 14 шығарылымы бар. Көрген, білген, тамашалап үлгермегендер үшін shymkenttv нүкте кз сайтында сақтаулы.

329 рет қаралды

Пікір жазу