"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ОМБЫ ҚАРДАН 100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМДЫ КӨШІРДІ

Сейсенбі, 15 Қараша 2016 15:35

 

Облыстық ТЖ департаментінің құтқарушылары омбы қардан бір кеште 94 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Апаттық-құтқару шаралары бірден үш трассада жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Бесқарағай ауданындағы «Семиярка-Қарабас» автожолында Грачи ауылынан шыққан адамдар өз автокөліктерімен трассаға жете алмады. 15 дана жеңіл көлік қарда тұрып қалды, 79 адам көмекке мұқтаж болды. Бесқарағай ауданы ТЖ бөлімінің құтқарушылары әйелдерді КУНГ техникасымен шығарып, жақын маңдағы Грачи орманшылығына әкелді. Сонымен бірге, жергілікті атқару органдарының күштері бірнеше сағат бойы аумақты тазалау жұмыстарымен айналысты. Жол тазаланған соң, адамдар өз көлігімен қозғалысты жалғастырды. Көкпекті ауданындағы «Өскемен-Самарское» трассасында ВАЗ-2109 мінген 5 адам қар құрсауына түсті. Қардың көп түсуінен көлік өздігінен жүре алмай қалды және автокөлік салонында бір сәби болған. Көкпекті ауданының өрт сөндірушілері оларды 60 шақырым жердегі Самарское ауылына жеткізді. Семей құтқарушылары да бүгін түнде «Семей-Алматы» автожолынан 9 адамды көшірді. Құтқарушылар инсульт алу қаупі бар науқасты Шар қаласынан Семейге тасымалдады. Нашар жолдан жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмаған. Омбы қардан туындаған барлық ТЖ-да ешкім зардап жоқ. Өз кезегінде ШҚО ТЖД азаматтарға жолға шықпай тұрып, ауа райымен танысуға, көлік ішінде күрек, арқан және жылы заттар алып жүруге кеңес береді.

 

inform.kz

144 рет қаралды

Пікір жазу