25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТІҢ БҰҚТЫРЫЛҒАН ЕТІ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Сенбі, 19 Қараша 2016 18:20

 

Оңтүстік Қазақстан ет экспорттаудан еліміз бойынша алдыңғы орындарда. Дегенмен осы етті өңдеп сататын болсақ, алынатын табыс та еселене түсетіні анық. Осыны негізге алған кәсіпкерлер бұқтырылған ет өңдейтін кәсіпорынды ашқан. Бүгінде мұнда жергілікті 30-дан астам тұрғын жұмыспен қамтылды.

Өндірілген өнім өңірден асып, көршілес шетелдерге де экспортталуда.

Шымкентте бұқтырылған ет шығаратын цех бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл мекеме былтырдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын 1 ауысымда 1,5 тонна ет өңдейді. Толық қуатына көшсе, 3 тоннаға дейін ет консервісін дайындай алады. Мұнда  Ресей технологиясы қолданылады. Жабдықтар  толықтай өз қаржыларына алынған. Өнім таза табиғи қоспалармен өңделеді. Жасанды және химиялық қоспаларды мүлдем қолданбаймыз, - дейді. Себебі, халал стандартына өткен.

Жәнібек Қанатхан, «PROD-GRUPP-2050» ЖШС-і директорының орынбасары
Қара мал етінен 3 өнім шығарылады. Высший сорт, премиум және бірінші сұрып. Жылқы етінен де 3 сұрыпты. Қазіргі кезде бұқтырылған күріш, бұқтырылған гречка,  сонымен қатар,  перловая каша дейміз ғой, соларды өндіріп отырмыз. Келешектегі мақсатымыз -  балық өнімдерін шығару.

Мұндағы жұмысшылардың жалақысы - 70 мыңнан 150 мыңға дейін. Бір ауысымда 28 адам еңбек етеді. Қазір малды сатып алады. Ендігі мақсат: төрт түлікті өзіміз  бордақыласақ, -  дейді. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама аясында несие алмақ ниетте.   
Нұрмахан Кенжехан, тілші

Бұл Шымкентте шығарылған бұқтырылған ет консервісі. Өндірушілер сапасына кепілдік береді. Бағасы өзге бәсекелестерден 15 пайызға арзан. Ендеше, Отандық өнімді қолдайық.Қала дүкендерінен сұраңыз. Дәмін көріңіз. Шындығына көз жеткізіңіз.

202 рет қаралды

Пікір жазу