24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖҰМЫСШЫ МАМАН ДАЯРЛАЙТЫН ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Сенбі, 19 Қараша 2016 18:21

 

Шымкенттегі №2 кәсіптік техникалық колледжінде өңірдегі орта арнаулы оқу орындарының мұғалімдері бас қосты. Облыстық білім басқармасының жанынан құрылған әдістемелік бөлім бұл шара арқасында жұмысшы маман дайындайтын ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуын көздейді.

Облыстық семинардың бұл оқу ордасында өтуінің де өз себебі бар. Өйткені, мұндағы жағдай өзгелерге үлгі бола алады. Жұмысшы маман даярлайтын бұл білім ошағында оқушыларға теория мен тәжірибені қатар үйрету үшін барлық жағдай жасалған. Оған көрмеге қойылған мына бұйымдар дәлел.
Еркін Сатқанбаев, №2 кәсіптік – техникалық колледжінің директоры

Бізде оқушылардың дайын маман болып шығуы үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан мамандардың тәжірибе алмасқаны өте жақсы. Бұйыртса, бұл семинар өзінің жемісін береді....
Айтып өту керек, соңғы уақытта жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып отыр. Сондықтан, арнаулы оқу орындарына да талап күшейді. Енді санға емес, сапаға көңіл бөлетін кез келді. Олай дейтініміз жақында ғана білім басқармасының жанынан арнаулы оқу орындарының жұмысын жүйелейтін бөлім құрылды.

Абай Тұрсынбаев, облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинет директорының
Алдағы уақытта әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруы мен көптеген іс-шаралар өтеді. Көптеген білім ошақтарының базасында тәжірибе алмасу шеберлік сыныптарын өткізу жоспарымызда бар.

Өсім. Реформа. Даму. Жолдау жүктеген міндетке сай кәсіпқой мемлекетке кәсіби жұмысшы маманы ауадай қажет. Семинар – сол тапшылықты жойып, сұранысты қанағаттандырудың жолы, жосығы.

225 рет қаралды

Пікір жазу