"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢА МӨЛТЕКАУДАН БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕДІ

Сенбі, 19 Қараша 2016 18:23

 

Шардарада «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа мөлтекаудан бой тіктеп келеді. Қазір мұнда тұрғындарға ең қажеттісі – жол салу мен инфрақұрылым жүйесін тарту ісі қарқын алған. Шағынауданның бұйыртса, өз мектебі де болады.

Шардара халқының саны 30 мыңға жетіп жығылады. Жаңа мөлтекауданның салынуымен 150 тұрғынүй иесінің әлеуметтік мәселесі шешілмек. Қазір қажетті жер учаскелері берілді. Құрылыс та басталып кеткен. Оған Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 140 маман мен 23 техника жұмылдырылған. 68-і жергілікті тұрғын болса, 18 студент іс-тәжірибеден өтіп жатыр.

Елеусін Жастаев, Шардара ауданының тұрғыны
Көше бұрын бұл жерде жоқ еді ғой, ешнәрсе жоқ еді. Мына жерден участка алып, әйтеуір мынадай үйлер салып отыр едік. Енді Құдай қаласа, мынау аудан әкімдері бар, облыс әкімдері бар, Елбасымыздың арқасында мынау теңге бөлген екен, осы жерге көше салып, тротуар салып әйтеуір, мына балаларымыз оқуға лай болмай барып, келуіне жағдай жасап, асфальт салып беріп жатыр. Рахмет оларға.

Бұл маңға 9 шақырымдық 10 көше түседі. 15 мың шаршы метр жердегі аяқ жол құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер «РЕАЛ-билдинг» ЖШС-і бұған дейін де облыс аумағында бірнеше әлеуметтік нысанды сапалы етіп салып, ел игілігіне тапсырған. Сметалық құны 442 268,96 мың теңгені құрайтын бұл нысанды да межеленген уақытта тапсыру көзделіп отыр. Бұл мақсатта жергілікті әкімдік тарапынан бақылау күшті.

Нұрғали Мырзахметов, Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының  міндетін атқарушы

«Нұрлы жол» бағдарламасын білесіздер, бұл - Елбасының бақылауындағы мәселе. Сол үшін бар сапасына күнделікті техникалық қадағалаушысы бар, өзіміз осы жердеміз, аудан әкімі ол кісі де тұрақты осы бақылауға алып отыр жұмыстың барысын. Осы жұмыстарды абыроймен атқарамыз деген үлкен ниетіміз бар.

Алдағы күндерге жоспарланған ауқымды істер көп. «Алатау батыр» елдімекені деп аталатын жерде 900 орындық заманауи мектеп ашылады. 3 ауылдық округте 3 тұрғынүй салу жоспарланып отыр. Құжаттары рәсімделіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

218 рет қаралды

Пікір жазу