25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТЕМІРЛАНДА 14 ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Сенбі, 19 Қараша 2016 18:24

 

Ордабасы ауданында баспана мәселесі биыл оң шешімін тауып отыр. Жақында аудан орталығында кезекте тұрған тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларына арналған көпқабатты 14 тұрғынүйдің құрылысы басталды.

Ордабасы ауданында соңғы рет 2010 жылы сегіз  отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған. Арада алты жыл өткен соң игілікті іс   жалғасын тауып, тұрғынүй  құрылысы қайта басталды. Қазір нысанда жер қазу жұмыстары аяқталып, оның инженерлік инфроқұрылымы қарқынды жүруде.

Жақсыбек Юсупов «СМУ-водстрой» ЖШС-нің учаске басшысы Осы құрылыстың бір ерекшелігі бар. Ол жерде жаңа технологиялар пайдалануда. Ол бұл өңірде істелмеген. Су құбырларының астына битуммен топырақты араластырып салып жатырмыз. Өйткені, ол жер астынан  жоғары көтерілетін суды ұстап тұрады

Құрылыстағы жаңа тәсілдің арқасында жерасты жүргізілген су құбырларына нұсқан келмейді. 50-60 жылға дейін шыдас береді. Қазір бұл іске қажетті барлық материал жеткілікті.

Жақсыбек Юсупов «СМУ-водстрой» ЖШС-нің учаске басшысы

Битумға араластырылатын түрлі құрылыс қоспалары бар. Ол құрылыс жұмысының сапасын арттыра түседі. Осы құрылыстың заманауи түрін жас жұмысшылар атқарып жатыр. Жетекші мамандар оқытып, үйретіп жатыр.

«Жас келсе, іске!». Жастар жағының шапшаңдығымен жаңа қоныстағы құрылыстың қарқыны мықты. Межелі мерзімнен кешігу жоқ. Баспаналар сәтін салса, келесі жылы пайдалануға беріледі.

423 рет қаралды

Пікір жазу