"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫН ҰЛЫҚТАДЫ

Жексенбі, 20 Қараша 2016 06:48

 

Еліне теңдік, жеріне кеңдік алған қазақ жұрты Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойында тұғырлы тұлғаларын да түгендеп жатыр. Биыл – Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның туылғанына 150 жыл! Қазақтың ғажап күні – азаттығын аңсаған ұлды Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының мамандары ұлықтады.

Жарық дүниеде «Жасасын, Алаш!» деп, ұран салып, қанынан әлі,  жанынан демі кеткенше қазаққа қалтқысыз қызмет еткен  ұлдардың бірі осы Әлихан Бөкейхан еді. Арлы азаматтың жасаған ісі  ұрпақ санасында жаңғырып жатыр. Шара барысында көрнекі тұлғаның азаматтық қырын ашатын, ұлт көсемі ретіндегі болмысын биік ететін бейнебаяндар көрсетілді. Жастарға жалынды рух берер әңгімелер айтылды.

Әлібек Шегебай – облыстық әдеп-ғұрып салт-дәстүр орталығы директорының орынбасары

Біздің орталықтың өтіп жататын іс-шарасына мектеп оқушыларынан бастап, осы жоғарғы оқу орданың студенттері келіп, мына біздің іс-шараларға қатысып,өздеріне мағлұмат алып отырады. Бүгін де - соның бір көрінісі. Қазір келіп отырған ғалымдармыз, өзінің Әлихан жөніндегі жұмыстарын, дайындап жүрген жобаларын т.б дүниелерін келген қонақтарға ұсынады.

Жалайырға жар салатын жағдай. Ұлтымыздың ұлы перзенті Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы биыл /ЮНЕСКО аясында тойланады. Алты Алаштың көсемі, тарихи тұлғаның кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы жетерлік екенін осы құрметтің өзі айғақтайды.

Нигина Исахова-студент

Әрине мұндай іс-шаралар бізге берері мол деп ойлаймын. Өйткені Ә.Бөкейхан Алаштың арда азаматы. Тәуелсіздігіміз үшін күрескен азаматтар болған соң, біз бұларды ұмытпай, жиі есімізге алып тұрамыз.

Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қара басының қамынан, қара халқының келешегі үшін, әрі сол жолда бәйгеге басын тіккен ардақты тұлғаның өмір жолы осындай шараларда үлгі етіліп, жас ұрпаққа бағдар болады.

324 рет қаралды

Пікір жазу