23Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ – 2016» БАЙҚАУЫ

Жексенбі, 20 Қараша 2016 07:38

 

Ізгі қоғам құрып, салиқалы ұрпақ жетістігіне сүйіну – мектептегі сынып жетекшісінің қажырлы еңбегіне байланысты. Осыны ескерген Отырар ауданының жауапты сала басшылары сынып жетекшілерінің байқауын өткізді. 3 кезеңнен тұратын сайыста 27 мектептің педагогтары бақ сынады. Байқауда ұстаздардың сабақ беру әдістемесіне қатысты қысқаша слайдтары, тілдік шеберліктері, сондай-ақ, шығармашылық қабілеттері сарапқа салынды.

Білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында ауданда «Үздік сынып жетекшісі» байқауы ұйымдастырылды. Өнерлі де ұшқыр ойлы ұстаздар әр кезеңнен сүрінбей өтіп, өздеріне берілген сұрақтарға тапқырлықпен жауап беріп, білімділіктерін танытты.

Елімізді табысқа жеткізудің 3 кілті: «білім, ғылым, инновация». Осы 3 кілт те ең алдымен, бәсекеге қабілетті ұстаздардың бойынан табылуға тиісті. «Ұстаз – еліміздің болашағын тәрбиелейтін жеке дара тұлға» - деп сөз алған аудан басшысы жүлдегерлерді марапаттап, ұлағатты ұстаз атына лайықты болуға шақырды.

Ерлан Айтаханов – Отырар ауданының әкімі

Тәжірибелеріңізді әрі қарай жетілдіре білу керек. Жас ұстаздарымыз тәжірибесі мол ұстаздардан үйренуі тиіс. Осындай үлкен жұмыс атқарсақ, біздің келешегіміз жаман болмайды. Елбасымыз да сіздерге үлкен сенім артып отыр. Ертеңгі жеңіске қол жеткізе аламыз ба, білімді ұрпақ тәрбиелеу – осы ұлағатты ұстаздарымыздың қолында.

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Еңсесі биік егеменді еліміздің алғыр ойлы, адал ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде ұстаздың орны айрықша. Демек, мұндай байқаулар педагогтардың өз ісіне деген ынтасын арттырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтата бермек.

254 рет қаралды

Пікір жазу