"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУ ЖАСТАРЫ БІЛІМДЕРІН ҰШТАУДА

Жексенбі, 20 Қараша 2016 07:39

 

Кентауда жастардың мерекесі - Халықаралық студенттер күні кең көлемде тойланды. Кентау көпсалалы колледжінде бірінші курс студенттеріне сынақ кітапшасы мен студенттік билеттер табыс етіліп, кәсіби мемлекеттің негізгі міндеттері айшықталды. Қоғамдық жұмыста белсенді жастарды қала басшылығы алғыс хаттармен марапаттады.

Кентау қаласы бойынша 7 арнаулы орта оқу орны бар. Колледждердегі студенттер саны үш мыңнан астам. Шағын шаһармен бірге жасап келе жатқан Кентау көпсалалы колледжінде 1500 жас оқиды. Ізденушілердің басым көпшілігі техникалық мамандықтар бойынша білім алады. Мемлекет тарапынан орта арнаулы білім алуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Пәндік кабинеттер заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Кентау көпсалалы колледжі - осы шаһардағы үздік оқу орындарының  бірі. Мұнда студенттердің білім нәрімен сусындап, бәсекеге қабілетті маман болып шығуына барлық жағдай бар. «Халықаралық студенттер күні» мерекесінде оқуға биыл қабылданғандар студенттік куәлігі мен сынақ кітапшаларын қолға алды.

Мерекелік кеште колледж өнерпаздары қызығы мен шыжығы мол жылдардың естен кетпес сәттерін сахнада көрсетті. Тапқырлық ойындарында бақ сынап, ән мен жырдан шашу шашты. Кентау жастары үшін жергілікті жерде мұндай оқу орындарының болуы – мемлекет тарапынан жасалып отырған бірден-бір қолдау деп бағалауымыз керек. Елімізде көпсалалы білімі бар мамандар жетіспеушілігін ескерсек, мұндағы болашақ мамандардың жұмыспен қамтылары сөзсіз.

297 рет қаралды

Пікір жазу