"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН ҚАЛАЙ АРТТЫРАМЫЗ?

Жексенбі, 20 Қараша 2016 07:43

 

Күтпеген жерден ауырып, жаныңыз қысылғанда жүгінеріміз - жедел жәрдем қызметі. Деніңізге дауа беретін дәрігерлердің ем- домын тезірек алуға не кедергі? Бұл саланың қызметін қалай жаңа сапаға көтеруге болады? Еліміздегі жедел жәрдем қауымдастығының өкілдері осы мәселені талқылау үшін Шымкентте бас қосты.

Елімізде жедел жәрдем көрсету сапасы қай деңгейде? Қай аумақта іс-тәжірибе озған, қай аймақта құрал жабдық тозған? Бұл мәселе жедел жәрдем қауымдастығы алқалы кеңесінде талқыға түсті.

Басқосуға еліміздің барлық облысынан өкілдер келді. Мақсат біреу- озық тәжірибені ендіру, кемшіліктерді жою жолдарын табу. Басқа елдермен салыстырмалы түрде қарастыру үшін ресейлік мамандар да арнайы шақырылды. Олардың да пікірі тыңдалды. Еліміз бойынша жедел жәрдем қызметін көрсету деңгейі жағынан Павлодар облысы өзгелерден озып тұр. Ал, Шымкентке тоқталар  болсақ...

Гүлнәр Құрманбекова - Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері

Күндіз – түні тәулік бойы  1500-дей шақыру түсіп жатады. Бүгінгі таңда 79 бригада көмек көрсетеді халыққа. 83 автокөлік бізде жұмыс істеп отыр. Автокөліктердің көбісінің тозығы жеткен. 80 пайызға жетіп отыр. Тәулік бойы тоқтамай жүргеннен кейін олардың да тозығы жетуі ықтимал.

Осы мәселені шешу үшін жаңа автокөліктер сатып алынбақ. Биылғы желтоқсанның 15-іне дейін 30 жаңа  көлік  қызметін бастайды. Мұнымен де тоқтап қалуға болмас. Келер жылы тағы 15 автокөлік сатып алынып, тағы 10 бригада жұмысқа кіріседі деп күтілуде.  Дегенмен, әзірге  шақыртулардың 14 пайызы кешігіп жетуде. Оның бір себебі, шұғыл көмек шақыртқан науқас келесі бір мұқтаждың барын ескермей, дендеген дертін түгел айтып, тұрып алады. Бұл айналасы 1 сағат уақытты ысырап етеді. Себептің тағы бірі мынау:    

Гүлнәр Құрманбекова - Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері

Шымкентте көлік өте көп. Кептелістерде бізді жібермейді. Соған байланысты қазір қалада жергілікті полициямен, әкімшілікпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Рейдтер жүргізіп жатырмыз, роликтер дайындап халыққа түсіндіріп жатырмыз.

Мұнан өзге әрбір аурухананың қабылдау бөлімінде жедел жәрдем бекеті ашылуы тиіс. Сонда ауырып келген науқасқа  жедел түрде көмек берілуі тиіс. Сонда ғана шамадан тыс жүктемені азайта аламыз.

319 рет қаралды

Пікір жазу