"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО МЕКТЕПТЕРІНЕ ҮНЕМШІЛ ПЕШТЕР ҚОЙЫЛУДА

Жексенбі, 20 Қараша 2016 12:49

 

ШҚО мектеп үнемшіл пеш Аягөз ауданы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы мектептерге озық технологиямен жабдықталған пештер қойылып жатыр. «Бұл бюджет қаражатын 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді», - дейді білім бөлімінің мамандары. Осының арқасында үнемделген 26 млн теңге білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталмақ. Ресейде шығарылған қондырғы былтыр Аягөз қаласындағы №5 орта мектепке сынақ ретінде қойылған. Оң нәтиже берген соң, биыл ауданның 8 мектебіне жаңа қазандықтар орнатылыпты. 

Нұрғали Әзімбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің жетекшісі: - Ысырапқа жол бермейді. Бұрын мұржа арқылы тікелей сыртқа шығып кететін болса, қазір бірнеше ұя арқылы өткен кезде жылу сыртқа шықпайды. Ол 2 кезеңнен айналып, қайта өтеді. Сол кезде жылу ішкі жағында қалады қазандықтың. Келесі жылы осындай үлкен электр тоғымен 10-12 млн жағып отырғандарды, осыларды жеңілдетілген қатты отынмен жағатынға ауыстырсақ па деп отырмыз.

227 рет қаралды

Пікір жазу