"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ҒА БЕЛГІЛІ БОКСШЫ ҚАНАТ ИСЛАМ КЕЛДІ

Сәрсенбі, 23 Қараша 2016 13:09

 

 

 

Өскемен қаласына бакстан Қазақстанның және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келді. Жұмыс сапары барысында былғары қолғап шебері спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тынысымен танысып, кішкентай жанкүйерлерімен кездесті.

 


        

  Кездесуге келген Қанат Ислам оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпқой спорт саласындағы бірқатар кеңестерін берді.

–            Мен де бір кездері сіздердей қарапайым интернатта тұрып, әлемдік деңгейдегі шаршы алаңда елдің байрағын желбіреткен чемпион болсам деп армандадым. Бастысы армандай білу қажет. Сондай-ақ, спортшы болғандықтан бірінші чемпион болуды емес, адам ретінде қалыптасуды көздеген жөн. Бір күні чемпион болдым деп атақ-даңқты көтере алмай кетіп жатқан жайттар да бар. Егер мықты спортшы болғыларыңыз келсе, жаттығу мен тағамға көптеп көңіл бөліңіздер.  – деді Қанат Ислам.

Кездесу соңында тілегін білдірген боксшы сайыстарда рухани қолдау білдірген әрбір жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, спортта жоғары жетістіктерге жетулерін тіледі.

235 рет қаралды

Пікір жазу