26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО МЕДИАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

Сенбі, 26 Қараша 2016 13:51

 

ШҚО медиациялық келісімшартқа келу көрсеткіші бойынша Республика көлемінде алдыңғы орынан көрінуде.

Атап айтсақ, республика бойынша жалпы қаралған медиациялық келісімшартқа келу көрсеткіші бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы соттарымен ағымдағы жылдың 10 айының ішінде әкімшілік істердің 50 %, азаматтық істердің 30 % және қылмыстық істердің  19 %-н қамтып отыр.
       

  Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО сотының төрағасы Досжан Әміров айтып өткендей, әлі де медиация заңының қолданылу аясы кеңейе түспек.
      

   – Ағымдағы жылдың басында жергілікті билік органдарымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңірлік хатшылығымен, құқық қорғау органдары және медиация орталықтары өзара меморандумға қол қойған. Нәтижесінде республика бойынша тұңғыш Медиация орталығы Өскемен қаласында ашылды. Қазіргі таңда «Медиация» заңының қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде, – деді Досжан Әміров.
       

 Сондай-ақ, облыстық соттың төрағасы аталған көрсеткіштер сот саласының елдің елдігі мен халықтың бірлігіне қосқан үлесі екендігін жеткізді.

179 рет қаралды

Пікір жазу