19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӨЛЕБИДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ 29 ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНҒАН

Сейсенбі, 06 Желтоқсан 2016 15:43

 

Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады

Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таңда 11 млрд. теңгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс түсімі де көңіл қуантады. Егемендік алған кезеңде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есеге өскен.

Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаңа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таңда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соның 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.

Баспасөз мәслихатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде ауданның 51 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқының 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр», - деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыңнанастам жаңа жұмыс орны ашылған.

Тәуелсіздік жылдары аудандағы 18 мәдени ошақтарының 7-уі күрделі жөндеуден, 8-і ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 мәдениет үйі жаңадан салынып, қазіргі таңда 19 мәдениет ошағы жұмыс жасайды екен.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

282 рет қаралды

Пікір жазу