26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ ҚР ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 16:18

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінде болып, аталған бөлімнің жеке құрамы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиынына қатысты.

Бөлімшенің жауынгерлік қызметтік өмір салтымен танысып, әкімдікпен екі жақты ынтымақтастық бағытын айқындау мақсатымен барған аймақ басшысы барша қатысушыларды Егемендік тойымен құттықтап, оларды еліміздің дамуына бірлесе атсалысуға шақырды.

«Бұл мереке 25 жыл ішінде Қазақстанды әлемге танытып, бүкіл дүние жүзінің алпауыт елдерімен тереземізді тең ұстатқан мейрам. Осынау ширек ғасыр ішінде Қазақстан БҰҰ-на мүшесі болды, әлемнің 120-дан аса елінде дипломатиялық өкілдіктеріміз ашылып, барлығымен тең дәрежеде қарым-қатынас орнады. Өзіміздің ұлттық қорғанысымыз, ішкі істеріміз, ұлттық гвардиямыз қалыптасты. Өз шекарамызды,  тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қорғайтын осындай деңгейге жеттік. Бұл салада Сіздердің де атқарған үлестеріңіз мол. Осы кезең ішінде ішкі істер қызметкерлері, әскерлері, ұлттық гвардия еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауда, тұрақтылықты нығайтуда әрқашан алдыңғы сапта бола білді», - Ж.Түймебаев.

Мұнан соң, аймақ басшысы ұлттық гвардия мен ішкі істер саласында үздік қызмет еткен 15 азаматты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, қызметіне сәттілік тіледі. Ал мерекелік шара барысы гарнизондық саптық жиынның салтанатты маршымен ұласты.  

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

182 рет қаралды

Пікір жазу