25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 16:21

 

Екі күнге жалғасатын шарада өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 70-тен астам кәсіпорындарының отандық өнімдері қойылды.

Отандық тауар өндірушілер көрмесіне облыс әкімі Ж.Түймебаев және «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» атты шарасына қатысушылар - ҚР Парламенті депутаттары, орталық органдар мен ұлттық компаниялар, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша қатысушыларды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ширек ғасырда өңірдің жеткен жетістіктерін баян етті.

«Жалпы, әлемдік дамудың күрделі кезеңдеріне қарамастан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендікпен жүргізіп жатқан дана саясаты арқасында, тарихы қысқа мерзімде еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді.  Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының жетістіктері де орасан.  Мәселен, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 1,5 млрд.теңгеден 2,5 трлн. теңгеге дейін өссе, ондағы өнеркәсіптің үлесі 15 пайыздан 28 пайызға дейін артты. Осы қарқын ағымдағы жылы да сақталып, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 643,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімдерін  өндіруде өсу қарқыны бойынша республикада 3-ші орынды иеленген. Сондай-ақ, облыста тоқыма, мұнай өңдеу, машина жасау, фармацевтика, медициналық құрылғылар жасап шығару, құрылыс материалдары және басқа да саларда жаңа өнім түрлерін өндіру қолға алынған.

Бүгінгі көрменің маңызы ерекше. Мұнда облыс тауар өндірушілерінің жетістіктері паш етіліп, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік тумақ.

Көрмеде  әлемдік стандарттарға сай  келетін кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері,  трансформаторлар, су сорғылары, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері сынды облыстың тауар өндірушілері өз өнімдерін жұрт назарына ұсынуда.
 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

319 рет қаралды

Пікір жазу