"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ –ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2016 16:31

 

ҚР Тұңғыш Президенті күні Шығыс Қазақстанда Елбасы кітапханасының оқу залының ашылу салтанаты өтті. Айта кету керек, бұл зал  Қазақстандағы бірінші аймақтық оқу залы.

Заманауи оқу залына Елбасы кітапханасының жеке мұрағатынан жәдігерлер мен кітаптар қойылған. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент кітапханасы арқылы оқу залы әлемдік баспалардың лицензиялық дерекқорларына шығуға болады. 

 

   

– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының алғашқы аймақтық оқу залының Шығыс қазақстанда ашылуы кездейсоқтық емес. Аймағымыз әр сала бойынша жоғары көрсеткіштерге жетіп, республикалық деңгейде алдыңғы орынан көрінуде. Аталған залдың ашылуына қолдау білдірген азаматтар мен кәсіпорындарға алғысымды білдіремін, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

    Алдағы уақытта интерактивті тақта және замауи техникамен жабдықталған оқу залының бөлімінде оқырмандарға арналған түрлі онлайн режимде семинарлар өткізілмек.

168 рет қаралды

Пікір жазу