"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ КЕҢІНЕН МЕРЕКЕЛЕНУДЕ

Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2016 16:40

 

Биыл облыста мерекеге орай 300-ден астам арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін салтанатты концерттік бағдарлама аясында шығысқазақстандықтар Елбасының тәуелсіз елімізді өркендетіп, Қазақстанның қарыштап дамуындағы еңбегін ашып көрсетті.

Өнерпаздар көрермендерге Елбасының Қазақстан Республикасының қарыштап дамуындағы еңбегін көрсететін қойылым тарту етті. 

 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі іс-шараға қатысушыларды мейраммен құттықтап: – Бүгінгі мереке – халқын аңсаған арманына жеткізіп, дербес мемлекет құрған біртуар перзентіне деген ұлтының ыстық ықыласы. Ерен еңбек, салихалы саясатымен тарихи қысқа уақытта Қазақстанды дүние жүзіне танытқан кемеңгер Елбасымызға деген халқының ақ ниеті. Қазақстан, Тәуелсіздік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев  бір-бірінен ажырамас ұғымдар, - деді.
Тамаша концерттік бағдарлама облыс өнерпаздарының өнер көрсетуімен жалғасын тапты. Шығысқазақстандықтарды құттықтау үшін «Астана Опера» театрының солистері Альфия Каримова мен Медет Чотобаев келді.

Жалпы, мерекеге орай өңірде 300-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылған. Бүгін облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің оқу залы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұражайы ашылды.

174 рет қаралды

Пікір жазу