14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА 18 МЕКТЕПКЕ АВТОБУСТАР БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 16:43

 

ШҚО-ның бірқатар аудандары мен Семей қаласының мектептеріне жалпы саны 18 жаңа автобустың кілті табысталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған білім саласы қызметкерлерінің салтанатты жиынында сонымен қатар үздік педагог мамандар марапатталды.
       

  «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты салтанатты жиынға келген  ұстаздар 25 жылда білім саласындағы жетістіктерді атап өтіп, шешімін таппаған өзекті мәселелерді талқылады.
       

  Айта кетсек, ағымдағы жылы өткен тамыз конференциясы барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстағы мектептерге жаңа автобус алу басты мақсаттардың бірі екендігін айтып өткен. Осыған орай бүгінгі күні 18 автобус алынып, салтанатты шарада мектеп басшыларына кілттер табысталды.
        

Сонымен қатар, жұмысында жоғары көрсеткіштке жеткен екі білім мекемесіне 500 мыңнан бастап 5 млн. теңгеге дейінгі аралықта сертификаттар табысталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып тапты.

296 рет қаралды

Пікір жазу