"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сенбі, 10 Желтоқсан 2016 06:59

 

Қазақстан Республикасында 1993 жылы жастардың білімін жетілдіріп, тәжірбиелі маман даярлау мақсатында Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы елімізде сәтті жүзеге асып келеді. Бағдарламаның құрылуына уақыт талабы ықпал етті.

Мемлекетіміз тәуелсіздігін енді алып, экономикада еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толық ену жолына шықты, бұл өмірге көптеген реформаларды әкелуді талап етті. Кез келген реформаны өткізу өздеріне берілген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап етеді.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 12 болашақ түлегі мемлекеттік қызметте басшылық лауазымда еңбек етуде. Солардың бірқатары Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Шетелде білім алып, бүгінде мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар шәкірттер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. «Болашақ» бағдарламасының жай-жапсары, шетелде оқудың мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, оқушыларды шетелдік білім жүйесінің қыр-сырымен қанықтырды.

Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның кадрлар даярлауда әлемдік жүйеге табысты кірігуіне мүмкіндік берді. Ол құрылғалы бергі 23 жылда 9339 жоғары білікті маман даярланыпты. Дені инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, мемлекеттік және шығармашылық сала өкілдері. Солардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Биыл «Болашаққа» қабылдаудың талабы біршама өзгерді. Шетелде білім алатын оқу орнын таңдауға ерекше назар аударылып отыр. Алдағы жылы бұл бағдарламамен сот қызметкерлері және «Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджерлері білім алатын болады.

274 рет қаралды

Пікір жазу