25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СЕМЕЙЛІКТЕРГЕ ЖАҢА СПОРТ АКАДЕМИЯСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Дүйсенбі, 12 Желтоқсан 2016 17:45

 

Семей қаласында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорт академиясы ашылды.  Академияның жас тәрбиеленушілерін ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова құттықтады. 

 


       

  Жаңа академия құрамына осыған дейін жұмыс істеп тұрған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жекпе-жек залы мен 200 орындық интернат кірген.

Академияға облыстың ауыл-аймақтарынан балалар іріктелініп алынып, дзюдо, самбо, грек-рим және еркін күрес сынды спорт түрлерімен жаттығатын болады. Ал оқу-жаттығу жұмыстарын Ресей, Моңғолия, Әзербайжан елдерінен келген білікті бапкерлер жүргізбек.

         Академияның іріктеу жұмыстары оқу жылының басынан соңғына дейін жүргізіле береді. Тек 10-18 жас аралығындағы үміткерге қойылатын басты талап: облыстық, республикалық сайыстардың чемпионы немесе жүлдегері болу шарт.

         Айта кетсек, тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстанда спортпен шұғылданатын халық саны артып, 30,3%-ға жеткен. Қазірдің өзінде аймақта 3149 спорт мекемесі, оның ішінде 30 дене шынықтыру және сауықтыру кешені жұмыс жасап тұр.

195 рет қаралды

Пікір жазу