25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СОЗАҚТА 50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Сейсенбі, 13 Желтоқсан 2016 14:27

 

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 50 отбасы жаңадан баспаналы болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Теріскейліктерге тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Облыс әкімі аудан орталығы - Шолаққорған ауылында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге табыстап, жаңа қоныстың құтты шаңыраққа айналуын тіледі.  «Елу үй - елу отбасы - елу жанұя. Осы елу отбасының әрқайсысында 4-5 адамнан бар деп есептесек, бүгін 200-ге жуық созақтық тұрғынның қуанышына ортақтасып отырмыз. Мұндай жағдай өңірімізге «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан үлкен қаржының арқасында мүмкін болып отыр. Болашақта осындай бағдарламалар арқылы көптеп ақша бөліп, бүгінгідей тұрғын үйлердің салынуына барынша атсалысатын боламыз», - деді Ж.Түймебаев.   Жаңа қоныстардың іргетасы 2015 жылы қалана бастаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, табысталған баспаналар мерейлі мерекедегі үлкен сый болып отыр. Ал тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Ел Құрылыс тобы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

287 рет қаралды

Пікір жазу