"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Д. АХМЕТОВ: «ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАП, БОЛАШАҚҚА АМАНАТ ЕТУ – БАРШАМЫЗ ҮШІН ҚАСТЕРЛІ ПАРЫЗ»

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 08:07

 

Салтанатты жиын барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдардағы экономикадағы, сыртқы саясаттағы, ауыл шаруашылығындағы, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру және  мәдениет салаларындағы жетістіктері аталды. 

 

 

Құттықтау сөзінде өңір басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның ширек ғасырдағы көрсеткіштеріне тоқталды.

- Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайтпас намысының жемісі. Тәуелсіздік – жаңа тұрпатты Қазақстан мемлекетінің, 25 жыл ішіндегі барлық тарихи жеңістері мен баға жетпес байлықтарының  бастауы! Сондықтан, оны, көздің қарашығындай сақтап, болашаққа аманат ету - баршамыз үшін, қастерлі парыз, - деп атап өтті ШҚО әкімі.

Сонымен қатар шығысқазақстандықтарды Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханмет Қасымов мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздар және Қазақстан Республикасының Халық әртісі Роза Рымбаеваның қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасын тапты.

209 рет қаралды

Пікір жазу