25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУДА ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 08:36

 

Елімізде жыл сайын 1 млрд. тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Бірақ, оның тек 2-3 пайызы ғана қайта өңделеді. Кейбір қалдық түрлері бір ғасырға дейін жер астында жата беретінін ескерсек, қоршаған ортаға үлкен қауіп төніп тұр. Түйткілдің түйінін тарқата түсу үшін Кентау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. 

 

 

Соңғы, типтік үлгідегі технологиямен жабдықталған  кәсіпорын  Кентау  қаласында орын тепкен.   Жоба құны - 100 млн. теңге.  Кәсіпорын жыл сайын 800 мың тонна  тұрмыстық  қатты  қалдықты қайта өңдеуге  қауқарлы.  Өндіріс орнында 25 адам жұмыспен қамтылған.

Әбдібақыт Мақұлбаев  -  Кентау қаласының әкімі

Ел Тәуелсіздігі қарсаңында жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Бұл Кентау қаласының гүлдейіне түсуіне, таза қалаға айнала түсуіне  өз септігін тигізетін болады деп есептеймін.

Аталмыш жобаға бюджеттен бір тиын да бөлінбеген.  Жеке инвестор есебінен  жүзеге асқан... Кәсіпорын  өз  өнімін  Ресей еліне экспорттауды жоспарлап отыр. Ал, оған қажетті  тұрмыстық  қатты   қалдық Оңтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен және Қызылорда облысынан  жеткізіледі. 

Санжар Сүлейменов – «Статус – Эверст» ЖШС-нің директоры

-Бұл қалдықтан 1 этап сентифон шығады. Әр түрлі полгаға дейін. Көп зат шығарса болады негізі. Өте универсальный.....

Жалпы, күл-қоқысты кәдеге  жарататын  кәсіпорындар  жерасты  су көздері  мен   топырақтың  беткі  қабатын  бүлінуден  сақтайды.   Серіктестік   ісі  нәтижесін берсе,  өндіріс көлемін  тағы  ұлғайтпақ  ниетте.

426 рет қаралды

Пікір жазу