25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҚТАРАЛ МЕН ШАРДАРАНЫ ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ДАЙЫН БОЛМАҚ

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 09:20

 

Мақтарал мен Шардара ауданын жалғап жатқан жол 2017 жылы пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Бұл туралы құрылыс алаңына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлімдеді.

Қос ауданның арасын жалғауы тиіс су  бөгетінің  ұзындығы - 37   шақырым.  Құрылыс жұмыстарына    1500-ге жуық  жергілікті тұрғын  тартылған.  Тәулік бойы   700 арнайы  техника  жұмыс  істеуде.  Жолдың  жалпы  құны  - 16  млрд теңге.  Мердігер мекеме бүйрегі бұрып, тек отандық өнімді жаратқан. Соның есебінен 3 млрд.  теңге үнемдепті.

Ислам Әбішев – Қазақстан Республикасы АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы

Кейде айтылып жатады, «Неге күз айында ғана құрылыс жүреді?!», - деген сөз. Өйткені, күзде ғана су тартылады. Техникалық, инженерлік  дұрыс шешімдер қабылданып, сапалы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Мақтарал ауданындағы ағайын Шардараға Сарыағаш ауданы арқылы қатынайтын.  ҚР АШМ  Су комитетінің тапсырысымен салынып жатқан жол құрылысы бітсе, қос  ауданның  арасы жақсындайды. 2013 жылы басталған іс  2017 жылы маусым-шілде айларында бітеді,-дейді мамандар.

Нұрлан Ешімханов – «АҚЖОЛ - 2008  ЛТД»   ЖШС-нің директоры

37 шақырым жолдың 32 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. 15 пайыз жұмыс қалды.

Сырдария   -  Орта Азиядағы ең ірі өзендердің бірі.   Ферғана  даласынан Арал теңізіне дейін  ағып  өтеді. 1960  жылы өзен бойынан, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы тұсында Шардара су қоймасы  салынған. Стратегиялық маңызы зор жоба келешекте еліміздің су ресурсына деген қажеттілігін де жөнге келтіретін болады.

372 рет қаралды

Пікір жазу