"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОРДАБАСЫДА ҮШ БІРДЕЙ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2016 10:26

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде үш балабақша ашылып, осылайша іске қосылған жекеменшік балабақша саны жиырма беске жетті. Мерейлі күні Қажымұқан ауылында  «Алтыншаш ана» бөбекжай балабақшасы ашылып ел игілігіне берілді. Аталған бөбекжайда  жүз жиырма бес бүлдіршін бес топқа бөлініп тәрбие алуда. Сонымен қатар мұнда жиырма бір адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Осы күні Шұбарсу ауыл округінде пайдалануға берілген «Айназия» балабақшасында алты топта  мұнда да жүз елу бала тәрбиеленбек. Заман талабына сай жабдықталған бұл балабақшада жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар,  Бадам ауылындағы «Алтын Орда» бөбекжай балабақшасы пайдалануға беріліп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөледі.  Білім мен тәрбие ісіне өз үлестерін қосатын мектепке дейінгі мекемеде 150 балаға тәрбие алмақ. Мұнда жиырма сегіз адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жеке кәсіпкерлерге алғыс айтты. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша бүгінгі таңға жекеменшік балабақша саны 25-ке жетті. Бүгінгі күні аудандағы қырық балабақша мен жиырма бір шағын орталықта 6375 бала мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылған. Бұл аудан бойынша бүлдіршіндердің 82,9 пайызын құрайды деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

384 рет қаралды

Пікір жазу