26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ АШЫЛМАҚ

Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2016 15:13

 

 

 

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды шетелдік  «Сяньян тоқыма корпорациясы»  компаниясының өкілдерімен кездесті.
Шетелдік делегаттарды Сяньян қаласының хатшысы және жалпықытайлық ұлт өкілдерінің жиналыс басшысы Лян Юэ бастап келді.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, тоқыма кластерінде іске асқан бірқатар жобаларды атап өтті.

Қос тарап кездесу барысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тоқыма фабрикасын ашу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Алдағы уақытта аталған индустриалды аймақта «Сяньян тоқыма корпорациясы» мен «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС бірлескен тоқыма фабрикасын ашу жоспарлануда.

Келіссөздер өз деңгейінде жүргізілсе, аталмыш жоба 2017 -2019 жылдар аралағында жүзеге асырылатын болады.  Екі кезеңнен тұратын жобаның құны 100 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба жүзеге асқанда 2 мыңнан  астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, шетелдік меймандар өңірге жұмыс сапары барысында «Назар Текстиль», «Бал Текстиль»  және «Әлем БТ» секілді кәсіпорындардың және Оңтүстік өңірінің туристік мүмкіндіктерімен танысты.

Аталмыш қытай компаниясымен арада жасалған меморандум нәтижесінде ОҚО-ның жеңіл өнеркәсібіне айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде. Бұл бір жағы – жаңа жұмыс орны және отандық өнім.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

209 рет қаралды

Пікір жазу