24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛУДЕ

Жұма, 16 Желтоқсан 2016 15:16

 

Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың да саны артып келеді.

Соның ішінде көгілдір отынның келуін асыға күткен қала жұртшылығына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында қуанышты хабар тарады. 

 

 

Ол – қала тұрғындарын газбен қамтуға бағытталған бірінші кезең бойынша желілік газ құбырлары құрылысының аяқталуы болатын. Жобаны іске қосу үшін

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және «ҚазТрансГаз» АҚ Оңтүстік өндірістік филиалы басшысының орынбасары Е.Юсупалиев түркістандықтарға ыстық лебіздерін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.

Құрылысы 2015 жылы басталған жобаға облыстық бюджет есебінен жалпы құны 1 млрд. 120 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһардағы «Сауран» ықшам ауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша аталған ықшам аудан аумағындағы 7500 абонент табиғи газбен қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 500-ге тарта абонентке табиғи газ кіргізілген. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ.   

Ел Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Түркістан халқының асыға күткен табиғи газдың берілуі үлкен қуаныш әрі сый болды. Өз жерімізден шығатын мұнайдың қызығын көру – бүгінгі Тәуелсіз мемлекет тұрғындарына бұйыруда.

196 рет қаралды

Пікір жазу