"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫҒЫСТА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН ҰЛЫҚТАУ АЯСЫНДА МЫҢДАҒАН ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жұма, 16 Желтоқсан 2016 15:23

 

Шығыста Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін тойлауда кульминациялық күнге дейін мыңдаған іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, конференциялар, қайырымдылық акциялары,  әлеуметтік нысандардың ашылуы және т.б. Ал бүгін облыстың әр елді мекені тіпті ерекше мерекелік көңіл күйге қанық шараға толы.

Облыстың бас шаһарындағы орталық алаңда таңертеңнен бері халықтық мереке өтіп жатыр. Сахнада өнерпаздар жиналған халыққа ән-күй мен әсем би тарту етсе, сол маңда ауылшаруалылығы тауарлары жәрмеңкесі жайылған. Мұнда арзандатылған бағамен ет, шұжық, балық, нан өнімдерімен қатар, жергілікті қолөнершілердің бұйымдарын алуға болады.

«Шығыс ұландары» арнайы сыныбының оқушылары үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ерекше есте қалмақ. Облыстың әр аймағынан келген 400-ге тарта оқушы патриоттық слетте салтанатты түрде ант қабылдап, оқушы билеттерін алды. Ал, Риддерде бұл күні спорттық модуль ашылды.

Облыстық жеке кәсіпкерлері де мереке күні сырт қалмады. Атаулы күн аясында ашылған,  тауардың 20 000 астам түрі әлеуметтік бағамен саудаланатын, «City Center» супермаркетінде келушілерге тартулар жасалып, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған. Ең бастысы әрбір      25-інші сатып алушыға арнайы сыйлықтар берілуде.

Кешкілік бағдарлама негізінен жастарға бағытталып отыр. Бұл кеште көңіл көтеруге келген жандарға сыйлық -қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі «Ринго» тобының өнері болмақ. Ал соңғы нүкте мерекелік от шашумен қойылады.

391 рет қаралды

Пікір жазу