29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҚТАРАЛ ЖАҢА ЕКІ МЕКТЕППЕН ТОЛЫҚТЫ

Сенбі, 17 Желтоқсан 2016 16:13

 

Егемендіктің еңселі жылдарын тойлау мерекесі қарсаңында Мақтарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Б.Соқпақпаев жалпы орта мектебінің 150 орындық, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты «Қызылқұм» жалпы орта мектебінің бастауыш сыныпқа арналған 100 орындық жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. 

 

 

Аудан әкімі Ғ.Исмаилов мектеп ғимараттарының ашылу салтанатына қатысып, оқу сыныптарының сапасын тексеріп қайтты. Мультимедиялық кабинеттерді, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кітапханаларды, әдістемелік, дәрігерлік, психологиялық кабинеттерді аралап шыққан әкім мектептің құрылыс сапасына оң бағасын берді. Өз сөзінде, әкім мұның барлығы да Тәуелсіздіктің жемісі екендігін атап өтті.

Жалпы, 1991 жылдан бері Мақтарал ауданында 57 мектеп пен оқу ғимараттары ашылса, биылдың өзінде 9 орта мектеп ғимараты мен 1 қосымша оқу корпусы ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдық жетістігінің айқын көрінісі ретінде заманауи үлгідегі 5 балабақша ғимараты салынғанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, 25 жыл ішінде Мырзашөл өңірінде аудан халқына медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында жаңа 2 аудандық, 13 ауылдық медицина мекеме ғимараттары жаңадан соғылса, 15 медициналық тіректер мен жедел медициналық жәрдем көрсету станциялары жаңа нысанды болды.

Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді спорт ғимараттарының саны 1991 жылы 258 болса, 25 жыл ішінде 3,1 есе өсіп биыл 790 нысанға жетіп отыр.

221 рет қаралды

Пікір жазу