26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАРЖЫ ИГЕРУДЕ ҚОЛБАЙЛАУ БОЛМАУЫ ТИІС

Жұма, 23 Желтоқсан 2016 09:21

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан  Сатыбалдының төрағалығымен «Нұрлы Жол» бағдарламасы  арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың жұмыс  барысы, облыс бойынша белгіленген индикаторлардың орындалуы мен мемлекеттік бюджет есебінен жоспарланған инвестициялық жобалардың қаржыларының игерлуі жөніндегі штаб отырысы өтті. 

Биыл облысымызда  жыл басында  жоспарланған  50 нысанның 12-і, оның ішінде 9 мектеп пен 1 балабақша осы жылдың тамыз, желтоқсан айларында пайдалануға тапсырылған. Ал қалған  38 нысанның құрылыс жұмыстары 2017 жылдың еншісіне қалып отыр. Бұл мақсатқа   ҚР Ұлттық қоры есебінен 20,2 млрд.теңге қаржы қаралып,  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ биыл өңірімізде 525,1 мың шаршы метрді құрайтын  тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 123,9 пайызға  орындалып отыр. 

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  Шымкент қаласындағы 9 қабаттық  әкімшілік іскерлік орталығы мен  1 жатақхананың  құрылысына  371,6 млн.теңге   бөлініп,  толық игерілген.

Ал, білім беру нысындарына қаралған 12 973,1 миллион теңге де мақсатты жұмсалған.  

Алайда Шымкент, Кентау қалалары мен Ордабасы, Сайрам, Созақ, Төлеби және Шардара аудандары «Құрылыс жұмыстары нақты көлемінің индексі» индикаторын  орындай алмау қаупі бар. Осы олқылықтарды ескерген  облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды жоспарланған нысандарды мерзімінде, бағытталған қаражаттарды толық игеруге, облыс аумағында белгіленген индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде аудан, қала әкімдеріне  нақты тапсырмалар берді.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

186 рет қаралды

Пікір жазу