"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖОО-ЛАР ДА ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ

Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016 17:23

 

Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – өңірімізде жоғары білікті маман даярлау ісін жандандыру, жоғары оқу орындарындағы материалдық, техникалық базаны нығайтып, ғылым мен өндіріс орындары арасында маңызды байланыс орнауына ықпал жасау. Ғылым мен жоғары технологияны өңірлік экономикадағы инновациялық сектордың басым жағына қарай бағыттап, ерекше дамыған ғылыми-білім инфрақұрылымын қалыптастыру.
 

«Бірінші кезекте еліміздің инновациялық экономикасына күш салатын мамандар даярлау ісіне мән беруіміз қажет. Өйткені экономика мен өнеркәсіптің  алға басуы ғылым  мен мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан облысымызда қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ауқымды жобаларын іске асыру үшін техникалық білімді, кәсіби біліктілігі мен машықтануы жан-жақты, білімді мамандарға сұраныс аса жоғары болып отыр» , - деді Жансейіт Қансейітұлы.

  Кездесу барысында аймақ басшысы нано технологияларды ғылыми негізде дамытып, инновациялық өнім шығаратын тәжірибелік өндірістерді құру мәселесін де сөз етті.  Өйткені қазіргі заманға сай мамандарды дайындау инновациялық бағытқа арналған білім бағдарламалары мен жаңадан жабдықталған зертханаларда білім алуға негізделіп отыр.
 

Облыс әкімі ректорларға жоғары оқу орындарының ортақ технобағын құру жөнінде кеңес беріп, осы мақсаттағы ұтымды ұсыныстар мен идеяларды әзірлеуді жүктеді. Сондай-ақ кездесу барысында шетелдік жоғары оқу орындар арасында өзара тәжірибе алмасу жөніндегі ынтымақтастықты нығайту мәселесі де қозғалды.
 

Кездесуде сөз алған Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің басшысы ғылыми зерттеу бағында өсірілген 6 мың дана көшетті облыстағы көгалдандыру жұмыстарына әзірлеп отырғанын жеткізді. 
 

Айта кетейік, бүгінде  облысымызда 12 жоғары оқу орны бар. Оның 4-і мемлекеттік, 8-і жекеменшік.  Оларда  66513 шәкірт білім алып жатыр. 

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

241 рет қаралды

Пікір жазу