24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА 710,6 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 17:16

 

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 710,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,8 млрд. теңгеге артық.  Осы көрсеткішпен облыс республика бойынша  4-орынды иеленіп отыр.

Өндірілген өнімдердің ішінде кен өндіру 208,3 млрд. теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 437,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында 52,7 млрд. теңгенің, ал сумен жабдықтау   бойынша 11,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, өңірде Индустриаландыру карта аясында жалпы құны 227,9 млрд. теңге болатын 150 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 13,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Индустриаландыру картасындағы жобалармен 99,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, өнеркәсіптің 90 пайыздан астамы жобалық қуаттылықты игерген.  Сондай-ақ, 2010-2016 жылдары Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жобалармен 280 млрд.теңгеден астам өнім шығарылған.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриалды аймақ құрылуда.

Нәтижелі жұмыстың арқасында 2010 жылы елімізде ең алғашқы болып құрылған  «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы кәсіпорындар  мемлекеттік табыс салығына 5,3 млрд. теңге көлемінде қаржы түсірген.

Осылайша, «Оңтүстік» индустриялық аймақ кәсіпорындарының салық түсімдерінің есебінен 77,9% бюджет қаражатының орны толтырылды.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

266 рет қаралды

Пікір жазу