"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҚСАТ АТТЕСТАТТАУ БАРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

Сейсенбі, 10 Қаңтар 2017 06:43

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен облыстық  білім саласындағы бақылау департаменті бірлесіп «Білім беру ұйымдарында жүргізілетін мемлекеттік аттестаттау барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу»  тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

 

 

Іс-шараға ардагерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың төрағалары, БАҚ өкілдері,  сонымен қатар, білім ұйымдарының басшылары қатысты.
Облыстық  білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Г.Әміртаева өз сөзінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі мен  сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы айтып өтті.

 

 


Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары жайында, соның ішінде заңсыз материалдық сыйақыларды ұсыну мен алудың жауапкершілігіне үлкен мән беріп, осы тақырыпта бейнеролик көрсетті.

Іс-шара соңында  тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойылып,нақты жауаптар берілді.

 

 

          
      ҚР Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің
ОҚО бойынша департаменті

339 рет қаралды

Пікір жазу