26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ

Сәрсенбі, 11 Қаңтар 2017 12:01

 

 

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев  өңіріміздегі денсаулық сақтау саласының басшылық құрамымен кездесіп, арнайы  жиын өткізді. Басқосу барысында  өңір  басшысы  облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Мұқан   Егізбаевты  таныстырып, сала жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

 

Атап айтқанда, өңір басшысы денсаулық сақтау саласының басшылық құрамына   облысымыздағы ана мен бала өлімі индикаторын азайтып, аса қауіпті жұқпалы аурулардың белең алмауына күш салуды тапсырды. Сонымен бірге міндетті әлеуметтік- медициналық сақтандыру полисін енгізуге даярлық жұмыстарын жеделдетуді ескертті.  Денсаулық сақтау саласын  дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өңірде сапалы, әрі тиісті мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.
 

«Денсаулық сақтау саласында  халыққа сапалы медициналық көмек көрсету өте маңызды міндет. Бұл ретте облыстан базалық орталық құрып, тәжірибе алаңдарын  жетілдіре түсуге тиіспіз. Сонымен бірге өңіріміздегі медицина саласындағы маман тапшылығын жойып, жас дәрігерлерді ауылды жерлерге тартуды жүйелеу қажет. Сондай-ақ шетелдік медициналық  ұйымдармен әріптестік ынтымақтастықта тәжірибе алмасу арқылы сапалы қызмет көрсетуге көшу – заман талабы», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
 

Айта кетейік, бүгінде облысымызда 7 мың жоғары санаты дәрігер мен 24 мыңға жуық орта буынды маман жұмыс істейді. Ал, медицина саласындағы жалпы қызметкерлердің саны 100 мыңнан асады.  Ендігі жерде жұмыла жұмыс істеуге шақырған  өңір  басшысы биылғы жылы  облысымыздан жеке меншік негіздегі онкологиялық аурухана мен тубдиспансердің құрылысы қолға алынып отырғанын айтты.    
  

Жиында сала мамандарының жалақы мәселесі де сөз болды. Бұл ретте облыс басшысы арнайы бағдарлама даярлап, мамандардың шетелге  шығып, тәжірибе алмасуын жүйелеуді тапсырды.
 

 

ОҚО  әкімінің баспасөз қызметі

211 рет қаралды

Пікір жазу