"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА АПАТТЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

Жұма, 13 Қаңтар 2017 10:33

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы апатты және үш ауысымдағы мектептің мәселесі алдағы үш жылда толық шешіледі. Бұл туралы Шымкентте салынып жатқан 1200 орындық нысанның құрылысымен танысқан Мәжіліс депутаттары мәлімдеді. Білім саласындағы түйткілді мәселенің тарқатылуына «Нұрлы жол» бағдарламасы сеп болуда. «Достық» мөлтек ауданынан бой көтерген мектептің іргетасынан бастап құрылыстың 80%-ына отандық өнім қолданылған.

Мердігер нысанды мерзімінен үш ай бұрын тапсырамыз,-деп отыр. Бұйыртса тар бөлмеде қысылып, үш ауысымда оқып жатқан 1700 оқушы 1 қыркүйекте жаңа ғимарат табалдырығын аттайды. Қазір облыста 96 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 27 мектеп. Апта бойы ел аралап қарапайым халықпен жүздескен мәжілісмендер көпшілік тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер ескеріледі деп отыр.

Байділдә Жылқышиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі таңға қалғаны облыс бойынша 19 апатты мектеп бар екен. 2019 жылы бағдарлама бойынша апатты мектептің бәрі жабылады. Үш ауысымды мектептен қазір облыс бойынша 11 мектеп қалыпты. Ол да сол бағдарлама бойынша 2019 жылы жабылады.  Бұл деген өте үлкен тірлік.Үш ауысым да, апатты мектеп те 2019 жылы болмайды деген сөз.

402 рет қаралды

Пікір жазу