"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-НЫҢ ЖАҢА ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Сәрсенбі, 18 Қаңтар 2017 14:21

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың лауазымды қызметке кіріскеніне үш айдан асты. Осы аралықта өңір басшысы облыстың барлық-аудан қалаларын аралап, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен жете танысып шықты. Жергілікті тұрғындармен, қоғамның белсенді азаматтарымен жиі кездесіп, халықтың ортасындағы маңызды мәселелерді анықтады. Нәтижесінде барлық саланы қамтитын Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа Даму концепциясы дайындалды.    

Облыс басшысы осы аралықта аудан-қалаларға 19 рет іссапарға шықты. Сапар барысында 91 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Үш айда Ж.Түймебаев 14 шетел елшілерімен, және бизнесмендерімен кездесті. Оның ішінде БҰҰ, Түркия, Қытай, Швейцария, Франция, Венгрия, Катар, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан өкілдері бар. Сонымен қатар шетелдіктердің қатысуымен халықаралық форум мен халықаралық бизнес конференция ұйымдастырылды.

Облыс әкімі 150-ден астам іс-шараға қатысты.

Оңтүстікте соңғы тоқсанда Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 7 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 735 жұмыс орны ашылды.

Индустриялық аймақтарда 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. 400 жаңа жұмыс орны ашылды.
Осы аралықта өңір басшысы 30-дан астам инвестормен кездесіп, ОҚО-ға тартылатын инвестиция мәселесін талқылады. Бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда.

Ұйымдастырылған 12 бизнес-форумға қатысып, сөз сөйледі. Оның ішінде Қазақ-Өзбек бизнес-конференциясы, БАҚ форумы, Іскер әйелдер форумы бар.
Тәжірибе алмасу мақсатында Оңтүстіктің денсаулық, мәдениет, білім саласының 110 маманы бір аптаға Түркияға тәжірибе алмасуға барып қайтты. Бұл делегацияның Түркиядағы болу шығынын түгел түрік тарапы көтерді. Енді тағы 40 маман сапарға дайындалуда.

Облыс ардагерлерімен және зиялы қауыммен, ұлттық мәдени орталық жетекшілерімен, республикалық және облыстық БАҚ журналистерімен, діни конфессиялардың облыстағы жетекшілерімен, кәсіпкерлер­мен, мәдениет өкілдерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен, жастармен, спортшылармен жалпы 22  кездесу өткізді.

Мәдениетті дамыту қоры құрылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мәдени салада еңбек етіп жүрген 25 танымал тұлғаға тұңғыш рет облыс әкімінің 500 мың теңгеден сыйақысы тағайындалды. Бұл үрдіс жалғасын тауып, жыл сайын мәдениет саласына еңбегі сіңген азаматтарға берілетін болды.

Аталған уақыт кезеңінде облыс әкімінің бастамасымен Шымкент қаласында көгалдандыру жаңаша қарқын алып, 52 мың көшет, 300 мың қызғалдақ және раушан гүлдері егілді.

Облыс орталығының кенжелеп қалған шеткі аудандарын дамытып, қараусыз қалған сай-салаларды саялы саябаққа айналдыру мақсатында «Шатқал» бағдарламасы қабылданды. Еліміздегі ерекше жоба 14 қаңтар күні басталды. Аталған жоба аясында сәуір айына дейін 100 мың тал отырғызылады. Нәтижесінде ондаған шатқал саябаққа айналады.

Тұңғыш рет Түймебаев Оңтүстікке инвестиция тарту мақсатында «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» республикалық акциясын өткізіп, өңірімізден шыққан атақты меценаттармен облыстың ерекше жобаларын қаржыларындыруға келісім жасауға кірісті.
Кәсіп ашуды көздеген іскер азаматтарға жер беру бойынша 14 қаулыға қол қоюды  тездетіп, бір аптада шешім шығару үрдісі енгізілді.

Облыстағы аудан-қалалардың жекелей Даму концепцияларын жасау қолға алынды. Әр ауданның, әр қаланың ерекшеліктерін пайдалануға баса мән беріледі. Өңір басшысының арнайы тапсырмасымен эксперттік топ алғашқы жоба ретінде Төлеби ауданының бір жылдық даму концепциясын жасап шықты. Мұнда жалпы емес, жекелеген отбасылардың кәсіпкерлікпен айналысуына айрықша көңіл бөлінді.

Оңтүстікте туризм кластерін дамытудың ауқымды жоспарын жасауға кірісті. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында қонақтарға арнап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 және 5-күндік туристік маршруттар жасалды. "Recommended by EXPO" белгісі беріліп, "Шымтур", "Саэль тур" және "Мирас тревел" туристік ұйымдарымен меморандумға қол қойылды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес үш ірі мегаполистің біріне айналуды жоспарлаған Шымкенттің сәулеттік, инфрақұрылымдық жобасына жаңа бағыттар енгізілді. Мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы үй салу, тұрғындарға ұсыну мәселесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өте белсенді жүргізілді.

Соңғы үш айда 1865 пәтер пайдалануға берілді. Осы кезеңмен тоқтамай алдағы уақытта да «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көпқабатты үй тұрғызу барынша қарқын алады.

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы шекара аймағында сауда аймағын құру қолға алынды. Тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Екі елде еркін қатынау үшін Самарқан-Шымкент-Түркістан және Шардара-Жетісай-Жызақ бағытында автобустар жүргізіледі.

«Түркістан 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы» деген халықаралық мәртебені иеленді. Енді жыл көлемінде Түркістанда халықаралық деңгейде өте тартымды мәдени шаралар басталады. Бұл Оңтүстіктің мәдениеті мен өнерін таныту үшін тың серпін береді.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

499 рет қаралды

Пікір жазу