"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ 2 ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Бейсенбі, 19 Қаңтар 2017 18:17

 

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым хабарлады.

Спикердің мәлімдеуінше, облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен  қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы облыстық бюджеттен 5,534 млрд. теңге  бөлініп,  22 нысанның құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде, 585,8  шақырым электр желілері мен 233 дана КТП орнатылып, 72 мың тұрғын тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылған.

«Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде 350 мың халық пен әлеуметтік нысандарды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 220 киловольттық «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласында 80 мың халықты қамтитын 110 киловольттық «Астана-1,2» қосалқы станциясының құрылысы басталды»,-деді басқарма басшысы.
 

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициясы есебінен 4,86 млрд. теңгеге 610,9 шақырым электр желілері мен 108 дана қондырғыларға қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілген.   Осылайша, электр жүйелерінің тозығы жетуі 57,5 пайыздан   55 пайызға төмендеп отыр.

Брифингте 2017 жылы атқарылатын жұмыстарымен бөліскен басқарма басшысы тұрғындарды сапалы электр қуатымен  қамтамасыз ету мақсатында 38 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланғанын атап өтті. Яғни, 982,64  шақырым электр желілері, 396 дана КТП орнатылып, 74 мың тұрғын тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

378 рет қаралды

Пікір жазу