"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ 19,6 МЛРД. ТЕҢГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР АУДАРЫЛҒАН

Сейсенбі, 24 Қаңтар 2017 04:54

 

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары Несібелі Қаражанова хабарлады.

Директор орынбасарының айтуынша, 2016 жылдың 12 айы ішінде  республикалық бюджеттен 19,6 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде, 943478 төлем түрін қаржыландыру мүмкін болған. Атап айтқанда, оның ішінде, зейнетақы төлемдері 222938-ді құрса, мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы 100616, асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы 24436, жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы 700, №1, №2 тізім бойынша ерекше ауыр және ауыр жұмыстардағы еңбек өтіліне сәйкес, арнайы мемлекеттік жәрдемақы 1991, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы 292343, мүгедек баланың тәрбиешісіне берілетін әлеуметтік жәрдемақы 17606, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәлдемақы 41838, бала туылуына байланысты біржолғы жәрдемақы 8183, реггрестік төлем 113-ті құраған.

«2016 жылы Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорынан  төленетін әлеуметтік төлемдер саны 63767-ні құрады. Ал оларды төлеу үшін Қордан бөлінген қаржының мөлшері 16,5 млрд. теңге болды», - деді Н.Қаражанова.

Сонымен қатар, былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаментінде бірнеше композиттік қызмет түрлері енгізілген.

Мәселен, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай азаматтар мүгедектік топтары бойынша тағайындау және төлеу үшін құжаттарды Медициналық әлеуметтік сараптама мекемесіне арызын өткізу арқылы бірден үш қызмет түрін ала алады. Ал бала босанған аналар жаңа туылған баланы тіркеу, бала босануына байланысты біржолғы жәрдемақы, ай сайынғы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы, бала бақшаға кезекке тұру үшін өтініштерді Медициналық мекемеде копозиттік қызметтің төрт түрін алу мүмкіндігіне қол жеткізуде. Сондай-ақ, азаматтар жұмысын жоғалтқан жағдайда, егер ол әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып жұмыссыз статусын алу барысында жұмысын жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішін өткізіп, екі қызмет түрін ала алады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

334 рет қаралды

Пікір жазу